27/07/2024  Сенбі
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  8(7282) 41-80-20
ҚР, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, ҚАРАТАЛ ЫҚШАМ АУДАНЫ, 36Б

Кітап оқуды насихаттап өскелең ұрпақ өміріне лайықты кітап оқу мәдениетін кеңінен қалыптастыру мақсатында Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен облыстық Көркемөнер галереясында «Jetisu book fair» атты кітап жәрмеңкесінің жабылу салтанаты өтті.

Кітап жәрмеңкесіне Алматы қаласынан арнайы келген әдебиет жанашырлары ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері, Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының иегерлері Бақыт Беделхан және Бақытжан Алдияр арнайы қатысып, келушілерге жалынды жырларын оқыды.

Шара барысында «Кітапханаға кітап сыйла!» акциясы аясында «Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының басшысы Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев кітапхана қорына 500 дана кітапты сыйға тартты. Сыйға берілген кітаптардың ішінде сөздіктер, Алаш зиялылары туралы, тіл біліміне қатысты кітаптар бар. Дені ЖОО студенттеріне, магистранттарға, докторанттарға, тілші- ғалымдарға арналған салалық кітаптар.

Өз кезегінде жергілікті ақын -жазушылар Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшелері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегерлері Әміре Әрін және Нұрила Бектемирова өз тілектерін білдірді.

Жәрмеңкеге келген қонақтарға «Жақұт мекен Жетісу» атты облыс әкімінің қолдауымен жарық көрген кітаптардан және мерей той иелерінің кітап көрмелерімен таныстырып, «Ziat», «Атамұра», «Мазмұндама» «Marfu press» баспалары, «Асыл қазына» сияқты кітап дүкендері, жеке кәсіпкерлер және жергілікті ақын-жазушылардың 500-ден аса кітаптары қала қонақтары мен жұртшылығына қол жетімді бағада ұсынылды.

 

1 1 1 1 1

Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев
Мекеме басшысы