27/07/2024  Сенбі
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  8(7282) 41-80-20
ҚР, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, ҚАРАТАЛ ЫҚШАМ АУДАНЫ, 36Б

2023 жылдың 26 сәуір күні Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы облыстық «Үздік оқытушы – 2023»  облыстық байқауы өтті.Үздік оқытушылар додасы
3 кезеңнен тұрды.

Алғашқы кезеңінде қатысушылар өзін және авторлық бағдарламасын таныстырды.

Екінші кезеңде әдістеме бойынша  сұрақтарға жауап берсе,  үшінші  кезеңде үміткерлер В1 – орта деңгей тыңдаушыларынан құралған  топпен сынама сабақ өткізді.

Дәстүрлі сайыс Жетісу  облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының басшысы Ж. Жолдыбаевтың кіріспе сөзімен басталады.

Байқауға «Тіл»
оқу-әдістемелік орталығының аудан, қалалардағы филиалдарының оқытушылары қатысады. Яғни, 21-63 жас аралығындағы Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының аудандық және қалалық филиалдарынан  10 үміткер бақ сынады.

Байқауға тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Т. Рахымберлина, Жетісу университетінің қазақ тілі мен әдебиеті факультетінің оқытушысы, Философия докторы Г. Чукенаева байқауға төрелік етіп, әділ бағасын берді.

Байқау қорытындысы бойынша:

Бас жүлдені – Жанар Елесбаева (Талдықорған), І орынды Бақытгүл Мұқашева (Текелі қаласы), ІІ орынды Балжан Қанатқызы (Ақсу ауданы), ІІІ орынды Олжас Қойчибеков (Көксу ауданы) иеленді. Қалған 6 қатысушыға ынталандыру жүлдесі берілді.

Шара соңында мекеме басшысы құттықтау сөз сөйлеп, облыс намысын республикада қорғайтын жеңімпазға қазақ тілі оқытушыларының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Үздік оқытушы-2023» республикалық байқауының бас жүлдесін иеленген Ж. Елесбаеваға жолдама  және ақшалай сертификат табыстады.

Биыл аталмыш байқау Атырау қаласында өтеді деп жоспарланып отыр. 2022 жылы байқауға Панфилов аудандық филиалының оқытушысы
Н. Қадырова қатысып, үздік бестік қатарынан көрінген болатын.

 

Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев
Мекеме басшысы