16/09/2024  Понедельник
Коммунальное государственное учреждение
8(7282) 41-80-20
РК, область Жетісу, г.Талдыкорган, Микрорайон КАРАТАЛ, 36Б

2023 жылғы 23 мамырда ақын, қазақтың жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың 130 жыл толуына орай Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының А2 деңгейіндегі тыңдаушылар арасында «Мен жастарға сенемін» атты әдеби кеш өтті.

Поэзия кеші Жетісу облыстық Б. Римова атындағы Талдықорған драма театрының актері Дастан Пышанов Маханұлының орындауындағы  М. Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлең жолдарымен басталды.

Әдеби кеште тыңдаушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқып, сонымен қатар ақынның өлеңіне жазылған әндер де шырқалды. Қатысушылар назарына «М. Жұмабаев туралы естеліктер» атты деректі фильм де ұсынылды. Кеш соңында Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының басшысы Ж. Жолдыбаев сөз алып, қатысушыларға алғысын білдіріп, арнайы алғыс хаттармен сыйлықтарын ұсынды.

Жолдыбаев Женис Хамитович
Директор учреждения