16/09/2024  Понедельник
Коммунальное государственное учреждение
8(7282) 41-80-20
РК, область Жетісу, г.Талдыкорган, Микрорайон КАРАТАЛ, 36Б

2023 жылғы 26 мамырда Панфилов ауданы, Жаркент қаласында «Тілдерді оқытудағы белсенді әдістері мен технологиялар» атты көшпелі семинары өтті. Семинарда «Инофондардың қазақ мәдениетіне қызығушылығын арттыратын тілдегі халықтық білімдер жүйесі» атты және «Қазақ тілін оқытуда ескеретін қажетті тілтанымдық және әдістемелік білімдер жүйесі» атты тақырыпта А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры А. Фазылжан және тіл тарихы және түркология бөлімінің меңгерушісі А. Аташбекқызы баяндамаларын оқыды. Семинарға аудандық әкімдік қызметшілері, «AMANAT» партиясының мүшелері, аудандық ардагерлер ұйымы, аудандық колледж және мектеп мұғалімдері, колледж студенттері, жалпы саны 130 адам қатысты.

Семинардың басты мақсаты: Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында тілді оқытудың базалық әдіснамасының негіздері мен әлемдік тәжірибелерді басшылыққа ала отырып, тілдерді оқытудың инновациялық тәсілдері мен тілдік білім беру әдістемесін жетілдіру.

Семинарды Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының басшысы Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев бастап, алғы сөз Жетісу облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Туғанай Сламғалиқызы Рахымберлинаға берілді.

Өз сөзінде «Мемлекеттік тілді оқытып, үйрету – көптеген ізденістерді, жаңа технологияны керек етеді. Мемлекеттік тілді оқытудағы басты мәселе – оқу барысын жүйелі түрде жүргізу, әр тыңдаушыға қолайлы жағдай жасау. Білім беру жүйесіндегі ізденіс, тиімді әдіс-тәсілдерді меңгеру аса қажетті өміршең үрдіс. Бүгінде, қазақ тілі, шын мәнінде, білім мен ғылымның, мәдениет пен іс жүргізудің тіліне айналды. Осы тұрғыда тіл үйрететін оқытушылардың біліктілігі, замануи әдіс-тәсілдерді меңгеруі аса маңызды. Қазіргі мұғалім жаңа білім беру парадигмасы негізінде ин­но­вациялық технологиялар мен интерактивті әдіс-тәсілдерді те­рең меңгерулері тиіс», - деді  Т. Рахымберлина.

Баяндамашылар бүгінгі қоғамның тілдік бейнесін, ғылыми сана – ұлттық сана компоненті туралы, қазақтілді тұлғаның портреті туралы, сонымен қатар қоғамның рухани дамуы туралы сөз қозғап, өз слайдтарын ұсынды.

Семинар бағдарламасына сәйкес Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының мемлекеттік тіл үйрету курсының оқытушысы Меруерт Жеңісқызы Маралбаеваның А2-Базалық деңгейдегі Жаркент қаласының этнос өкілдеріне «Ауа райы» атты ашық сабағы да өткізілді.

Жолдыбаев Женис Хамитович
Директор учреждения