1. Қарапайым А1 деңгей сипаттамасы
Тіл қолданушы күнделікті қатысым жағдаяттарда қарапайым коммуникативті құзыреттілігінің шектелген түрін қанағаттандыра алуы қажет.
• асықпай, анық айтылған сөздерді түсіну, қарапайым нұсқаулықтарды орындау.
• қарапайым қысқа мазмұнды мәтінді түсіне алу.
• өзі, қызметі, тұратын мекенжайы туралы сипаттап бере алу.
2. Базалық А2 деңгей сипаттамасы
Тіл қолданушы негізгі саламен байланысты бөлек сөйлемдер мен жиі пайдаланатын сөйлемдерді, таныс немесе тұрмыстық тақырыптар бойынша ақпаратпен алмаса алуы қажет.
• қысқа айтылған хабарландыру мен ақпараттардағы негізгі ойды түсіне алуы.
• қарапайым, қысқа мәтіндерді түсіне алады және күнделікті қажетті ақпараттарды мәтін ішінен таба алады.
• күнделікті өмір туралы бір-бірімен бірнеше сөйлем құрай алуы.
3. Орта деңгей В1 сипаттамасы
Тіл қолданушы ұзақ немесе бірнеше қысқа мәтіндерден қажетті ақпаратты таба алады.
• рет-ретімен баяндалған мәліметтерді; жалпы түрде берілген аргументтер тізбегін түсіне алу.
• өзіне керекті ақпаратты табу үшін барынша үлкен мәтінді қарап шыға алады, сондай-ақ нақты тапсырманы орындау үшін мәтіннің әр түрлі бөлігінен немесе әр түрлі мәтіндерден ақпарат жинау.
• өзінің қызметі шеңберінде кездесетін күнделікті таныс немесе таныс емес мәселелер бойынша жиналған деректі ақпараттар туралы өзінің пікірін еркін хабарлап, қорытындылау
• таныс тақырыптағы әңгімеге дайындықсыз қатыса алу.
4. Ортадан жоғары В2 деңгей
Мемлекеттік және жергілікті басқару саласындағы қызметшілерге қызметтік хаттардың жазылым нормалары мен ресми жазылымдардың негізгі бағытын (әдіс тәсілдерді) меңгерту және қызмет бабында қолдана білуге бағытталған.
• тіл қолданушы ортадан жоғары деңгейде нақты және абстрактілік тақырыптар бойынша күрделі мәтіндердің, оның ішінде кәсіби мәтіндердің жалпы мазмұнын түсіне алады.
• тіл қолданушы тілдік қатынаста бірден, тез қазақ тілділермен екі жаққа да қиындық тудырмай сөйлесе біледі.
• әр түрлі тақырыптарға нақты, толық хабар бере алады және негізгі мәселе бойынша өз көзқарасын жеткізе отырып, басқа пікірлердің жетістіктері мен кемшіліктерін көрсете алады.
• тілдік қатынастың кәсіби, оқу, мәдени салаларындағы жағдайларының жеткілікті көлемінде қарым-қатынас жасай біледі.
Латыннегізді әліпбидің емле ережелерін оқыту жүйесі бойынша мәлімет
Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық-ғылыми практикалық орталығының ұйымдастыруымен жүргізіліп жатқан 72 сағаттық курстан өткен тренерлер бүгінгі таңда осы орталықтың ғалымдарымен бірлесе құрастырылған «Жаңа емле» оқу-әдістемелік құралының негізінде облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының латыннегізді әліпбиге көшу бойынша оқыту және әдістемелік жұмыс бөлімі мен филиалдары жалпы саны 24 сағатқа арналған латын әліпбиінің емле ережесі бойынша бағдарлама әзірлеп, 2019 жылдың маусым айынан бастап курс ұйымдастырып, тыңдаушылар қабылдады.
Жинақ материалдары бойынша курстан өткен немесе ондағы тезистермен өз бетінше танысып, тапсырмаларды орындап шыққан тыңдаушы төмендегідей білім- біліктілігін арттырады:
- жазудың ұлттық бірегейлікті, бұқаралық сананы қалыптастырудағы қызметі мен маңызы, тілдің жазба түрі мен ауызша түрінің айырмашылығы туралы іргелі, қолданбалы білім алады;
- жазу мәдениеті мен емле сауаты мамандардың жоғары біліктілігінің көрсеткіші болатыны, қазақ тілінде жаңа графикамен жазу және ісқағаздарды жаңа әліпбимен жүргізу мемлекеттік тілдің мәртебесін бекітетіні және қазақтілді тұлғаның беделін арттыратыны туралы идеялармен қаруланады;
- жаңа қазақ әліпбиінің графикасы мен құрамы және әріп-фонема арақатынасы, жаңа қазақ әліпбиі таңдалуының қысқаша тарихы, қазіргі айтылым нормалары мен жазудың арақатынасы туралы жаңа білім алады;
- қазақ тілі емле ережелерінің басты және қосалқы ғылыми ұстанымдары, қазақ емлесіндегі дәстүр мен жаңашылдық, қазақ тілі емлесіндегі жаңалықтардың лингвистикалық негіздері туралы білімдерін арттырады;
- қазақ тілі емлесіндегі дәстүрлі жазу мен жаңалықтардың, емледегі босаң нормалардың әрқайсысының ғылыми негіздері айқындалып, жаттығу сұрақ-жауап, тапсырмалар түрінде меңгеріледі, тест, емтихан арқылы тексеріледі;
- жаңа емле ережесіндегі негізгі нормалармен танысады, емлесі қиын сөздердің емле уәжін меңгереді, оны ересек аудиторияға жеткізудің әдіс-тәсілдерін жинақтайды, тақырып бойынша сабақ беріп үйренеді;
- тақырыптарды жеңіл әрі тез үйретудің әдіс-тәсілдерін меңгереді;
- жаңа әліпбимен жылдам оқуға, сауатты жазуға машықтанып шығады.