Тапсырыс берушілер үшін бірыңғай ұйымдастырушы арқылы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу
ЖАДЫНАМАСЫ
Негізі: 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 1)-тармақшасындағы екінші бөлігі
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 743 бұйрығымен бекітілген. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 26 желтоқсанда № 16127 болып тіркелді («Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастырылған):
Тізбеге енгізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтердің мемлекеттік сатып алуын ұйымдастыру және өткізу бірыңғай ұйымдастырушымен конкурс немесе аукцион тәсілдерімен жүзеге асырылады:
- Заңның 8-бабы 2-тармағының 2) және 3)-тармақшаларына сай;
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 52 және 255-тармақтарына сәйкес, тапсырыс берушінің қазақ және орыс тілдерінде мынадай құжаттарды қамтитын тапсырмасының негізінде:
1) тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын тұлға немесе жауапты хатшысы немесе жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды тұлға қол қойған, конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін тапсырыс беруші өкілдерінің ішінен үміткерлері көрсетілген тапсырыс берушінің конкурсты өткізуге өтінімі;
2) тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын тұлға не жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам бекіткен конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелігі, шарттың жобасы және құрылған (тартылған) жағдайда сараптау комиссиясының құрамы.
Бірыңғай ұйымдастырушыға тапсырыс берушінің ұсынатын құжаттарының сипаттауы және мемлекеттік сатып алу веб-порталында әрекеті мынадай:
I. Тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын тұлға немесе жауапты хатшысы немесе жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды тұлға қол қойған, конкурстық немесе аукциондық комиссияның құрамына енгізу үшін тапсырыс беруші өкілдерінің ішінен үміткерлері көрсетілген тапсырыс берушінің конкурсты өткізуге өтінімі (ЖСН және веб-порталда тіркелген ЭЦҚ бар болуын көрсете отырып).
Тапсырыс берушілерге мемлекеттік сатып алу веб-порталында Мемлекеттік сатып алу комитетін «Менің ұйымдастырушыларым» бөлігіне қосу арқылы жылдық жоспардың тармағын құруы қажет.
1 қадам
- жылдық жоспарда жоспардың керек тармақтарын белгілеңіз
2 қадам
- "Сатып алуға өтінімдер құру" батырмасын басыңыз
3 қадам
- Мемлекеттік сатып алу комитетін (МСК) ұйымдастырушыға таңдаңыз :
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Сатып алуға өтінімдер «Ашық конкурс», «Аукцион» тәсілдеріне ғана құрылады.
4 қадам
- өтінім құру үшін «Жұмыс кабинеті» - «Сатып алуға өтінімдер» тарауына өтіңіз:
Тарауға өтер кезде өтінімдерді қарау және құру нысаны ашылады:
5 қадам
- өтінімді құру үшін «Құру» батырмасын басыңыз. Нәтижесінде өтінімді құру нысаны ашылады:
6 қадам
- ашылған нысанда мынадай жолдарды толтыру қажет:
- Қазақ тілінде өтінімнің атауы;
- Орыс тілінде өтінімнің атауы;
- Сатып алу тәсілі;
- Сатып алу мәнінің түрі.
7 қадам
- өтінімді жасау нысанында жолдарды толтырғаннан кейін «Бұдан әрі» дегенді басыңыз.
Бұл нысанда жүйе сатып алуға өтінім құру үшін қолжетімді жоспар тармақтарын көрсетеді:
8 қадам
- жоспардың қажет тармақтарын белгілеу және «Таңдалғандарды қосу» батырмасын басу керек.
Жоспардың бірнеше тармағын таңдаған кезде Жүйе жоспардың таңдалған тармақтары бойынша «АЕК шектеу» (ТЖҚ тізбесіне сәйкес) жолы мәндерінің сәйкестігін, сондай-ақ жоспардың таңдалған тармақтарының сомасын тексереді. Жоспар тармақтары бойынша «АЕК шектеу» жолында мәндер сәйкес болса, жоспардың таңдалған тармақтарының жалпы сомасы «АЕК шектеу» жолында көрсетілген сомаға тең немесе одан асқан жағдайда, Жүйе таңдалған лоттарды қосуға мүмкіндік береді. Қосқаннан кейін жоспар тармақтары «Өтінім жобасы» мәртебесіне, ал өтінім мәртебесі «Жоба» деп ауысады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Өтінім құру үшін «Өтінім», «Сатып алу өткізілген жоқ», «Күші жойылды», «Шарт жасасылған жоқ.Төлемдер жоқ» мәртебелеріндегі және ТЖҚ тізбесінің шарттары қатысты болатын жоспар тармақтары қолжетімді болады. ТЖҚ тізбесіне шарттары қатысты болатын, бұл ретте ТЖҚ тізбесі бойынша АЕК белгіленген мәнінен аспайтын жоспар тармақтары Бірыңғай ұйымдастырушы арқылы, сондай-ақ өзге бекітілген ұйымдастырушы арқылы сатып алу өткізу үшін қолжетімді.
ЕСКЕРТПЕ: Қайталама сатып алуды жүзеге асыру қажет болған жағдайда, шарттар (техн. Ерекшелік, шарт жобасы және т.б.) өзгермеген кезде сатып алуға өтінім қайтадан құрылмайды.
Жүйе «Жоба» мәртебесінде өтінімде жоспар тармақтарын қосуға, жоспар тармақтарын алып тастауға мүмкіндік береді.
«Таңдалғандарды тексеру» қосымша бетінде Жүйе өтінімнен бұрын таңдалған лоттарды алып тастауға мүмкіндік береді. Бұл үшін артық лоттарды белгілеу және «Өтінімнен лоттарды алып тастау» батырмасын басу қажет.
ІІ. Техникалық ерекшелікті тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндеттерін атқаратын адам, не жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам бекітеді.
Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық құжаттамада техникалық ерекшеліктің орнына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттама қамтылуға тиіс.
Сонымен бірге конкурстық құжаттамада мыналар:
1) негізгі (орнатылған) жабдықтарды, сондай-ақ орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етуді (лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді) қосымша жинақтау, жаңғырту және қосымша жарақтау үшін;
2) тауарды лизингке беру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні айқындау және лизингтің нысанасын мұқият сипаттау қажеттігі туындағанда;
3) тапсырыс берушіде бар тауарды жөндеу және (немесе) техникалық қызмет көрсету үшін жүзеге асыру үшін мемлекеттік сатып алу жағдайларын қоспағанда, егер мұндай нұсқама сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін жекелеген өнім берушіге тиістілігін анықтаған жағдайда тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына, сондай-ақ өзге сипаттамалардағы нұсқамалардың болуына жол берілмейді.
9 қадам
- «Бұдан әрі» батырмасын басқан кезде «Жоспар тармақтары бойынша деректерді енгізу» нысаны ашылады
«Тауар» сатып алу мәнінің түрімен жоспар тармақтары үшін техникалық ерекшелікті қалыптастыру қажет:
10 қадам
- «Толтыру» батырмасын басыңыз:
Жеңіл және жиһаз өнеркәсібі бойынша «Тауар» сатып алу мәнінің түрлері үшін техникалық ерекшелікті толтыру нысаны:
11 қадам
- міндетті жолдарды толтыру және «Сақтау» батырмасын басу қажет
12 қадам
- pdf. форматында техникалық ерекшелікті қалыптастыру үшін, құжатты сақтағаннан кейін «Файлды қалыптастыру» әрекетін басыңыз
13 қадам
- файлға ЭЦҚ қойыңыз:
Қажет болғанда «Файлды алып тастау» батырмасын пайдаланыңыз
«Жұмыс» немесе «Көрсетілетін қызмет» мәнінің түрімен жоспар тармақтары үшін техникалық ерекшелікті сипаттаумен файлды қоса тіркеу мүмкіндігі бар:
14 қадам
- компьютерден жүктеу үшін «Файлды таңдаңыз» батырмасын басу қажет:
Тағы бір файлды қоса тіркеу үшін «Файлды қосу» батырмасын басыңыз.
15 қадам
- өтінімде барлық жоспар тармақтары бойынша техникалық ерекшелікті бекіткеннен кейін, «Бұдан әрі» батырмасын басыңыз:
ІІІ. Мемлекеттік сатып алу туралы шартының жобасын тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндеттерін атқаратын адам, не жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам бекітеді.
16 қадам
- шарт жобасын қалыптастыру үшін «Қалыптастыру» батырмасын басу қажет:
ЕСКЕРТПЕ: сатып алу мәнінің түрі «Шарт шаблоны» бағанында «жұмыс» болып табылған жағдайда, түсіп тұратын тізімнен шарттың типін таңдау:
Толтыру үшін міндетті жолдарды «Деректерді енгізу нысаны» қосымша бетінен қарауға болады:
17 қадам
- белсенді сілтемені басып, жолдарды толтыру және сақтау қажет:
Шарт жобасына тармақтар мен тармақшалар қосуға рұқсат етіледі, бұл үшін «Тармақты қосу» белсенді сілтемесін басу қажет:
18 қадам
- шарт жобасына қол қою немесе қажет болғанда кері қайтарып алу және қайтадан қалыптастыру қажет
ІҮ. Сараптау комиссиясының құрамын не сарапшыны тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндеттерін атқаратын адам, не жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам бекітеді (бұйрық, өкім түрінде, сондай-ақ қызмет көрсету шартын тіркей алады).
19 қадам
- «Бұдан әрі» батырмасын басқан кезде сарапшы туралы деректерді енгізу нысаны ашылады.
Ашылған нысанда мынадай жолдарды толтыру қажет:
- Сарапшының Т.А.Ә.
- ЖСН;
- Лауазымы/ұйым;
- Байланысу телефоны.
ЕСКЕРТПЕ: «Жұмыс» сатып алу мәнінің түрі үшін қадамды толтыру міндетті емес.
V. «Комиссияны қосу» нысаны
20 қадам
- «Бұдан әрі» батырмасын басқан кезде комиссия мүшелерін қосу нысаны ашылады.
21 қадам
- комиссия мүшелерін қосу үшін «Қосу» батырмасын басыңыз:
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Ұйымның бірінші басшысы комиссия құрамына енгізілген болуы тиіс.
22 қадам
- Пайдаланушыларды іздеу үшін пайдаланушының ЖСН немесе Т.А.Ә. енгізіңіз. Сондай-ақ Т.А.Ә. қарама-қарсыдағы «Таңдау» дегенді басып, түсіп тұратын тізімнен пайдаланушыларды таңдау қолжетімді:
- комиссияны қалыптастырған кезде жүйе комиссия құрамына кіретін тұлғаларды қайталауға мүмкіндік бермейді;
- комиссия мүшелерінің саны екеуден кем болмауы тиіс.
VI. «Бұйрық деректерін енгізу» нысаны
23 қадам
- «Бұдан әрі» батырмасын басқан кезде Жүйе бұйрық деректерін енгізу қадамын көрсетеді:
Бұл қадамда техникалық ерекшелікті, шарт жобасын және сарапшыны тарту туралы бүйрықтардың/бұйрықтың сканирленген нұсқаларын қоса тіркеу қажет.
Сондай-ақ бұйрық бойынша деректерді толтыру керек:
- Бұйрықтың күні;
- Бұйрықтың нөмірі;
- Бекітушінің Т.А.Ә..
24 қадам
- Жолдарды толтырып, файлдарды қоса тіркегеннен кейін «Бұдан әрі» батырмасын басыңыз.
Нәтижесінде сатып алуға арналған өтінімді алдын ала қарау нысаны ашылады.
АНЫҚТАМАЛЫҚ:
Өтінімді алдын ала қарау нысаны
Барлық қадамдарды толтырғаннан кейін өтінімді қарау нысанында барлық енгізілген деректердің дұрыстығын тексеру, «Байланысу телефоны» жолын толтыру және «Сақтау» батырмасын басу қажет:
Егер барлық деректер дұрыс болса, «Келісуге жіберу» батырмасын басыңыз. Батырманы басқан кезде Жүйе әрекетті растаумен модальді терезені көрсетеді:
Растағаннан кейін, Жүйе өтінім мәртебесін «Келісуде» деп өзгертеді және қарау үшін МСК-ға жібереді:
Өтінімнің «Келісуде» мәртебесінде өтінімді алып тастау, редакциялау және кері қайтарып алу қолжетімді емес.
Сатып алуға арналған өтінімді редакциялау
Сатып алуға арналған өтінімді редакциялау өтінімнің «Жоба», «Қабыл алынбады», «Кері қайтарып алынды» мәртебелерінде «Тапсырыс беруші» рөлімен пайдаланушыға қолжетімді.
Қабыл алынбады», «Кері қайтарып алынды» мәртебелерінде өтінімді редакциялаған кезде жүйе «Жоба» мәртебесінде редакцияланатын өтінімге байланыстыра отырып, жаңа өтінімді құрады (жаңа өтінімде байланысты өтінім нөмірі көрсетіледі), алдындағыға «Өзгертілді» мәртебесі беріледі:
«Редакциялау» әрекетін таңдаған кезде, өтінім редакциялау режимінде ашылады, бұл ретте деректер сақталған қадам көрсетіледі. Өтінімді құру нысанында деректерді редакциялау қолжетімді.
«Артқа» өту жолымен алдындағы қадамда енгізілген деректерді редакциялауға болады:
Ескі өтінімге байлау жоқ «Жоба» мәртебесіндегі өтінімдерді қоспағанда, өтінімге жоспар тармақтарын қосуға/алып тастауға тыйым салынған:
Сатып алуға арналған өтінімді кері қайтарып алу
Сатып алуға арналған өтінімді кері қайтарып алу өтінімнің «Қабыл алынбады»/»Расталды» мәртебесінде қолжетімді. Өтінімдермен жұмыс нысанында кері қайтарып алу үшін өтінім нөмірін басыңыз:
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Өтінімді кері қайтарып алу егер өтінімде жоспардың барлық тармақтарының мәртебелері «Өтінім расталды», «Өтінім қабыл алынбады» сәйкес болғанда ғана қолжетімді.
Жүйе өтінімді қарауды көрсеткеннен кейін, «Өтінімді кері қайтарып алу» әрекетін басыңыз:
Бұдан әрі жүйе өтінімді кері қайтарып алуды растауды сұрайды:
Тапсырыс беруші кері қайтарып алуды растағаннан кейін өтінім «Кері қайтарып алынды» мәртебесіне өтеді :
Өтінімді кері қайтарып алғаннан кейін, жүйе өтінім мәртебесін «Кері қайтарып алынды» деп өзгертеді.
Сатып алуға арналған өтінімді алып тастау
Сатып алуға арналған өтінімді алып тастау «Жоба» мәртебесінде қолжетімді. Өтініммен жұмыс нысанында алып тастау үшін «Жоба» мәртебесінде өтінімге қарама-қарсы «Өтінімді алып тастау» әрекетін басыңыз:
Алып тастау функциясын таңдаған кезде, жүйе таңдалған әрекетті растауды сұрайды:
Растағаннан кейін жүйе өтінім жобасын алып тастайды.
Өтінімді алып тастағаннан кейін, жүйе жоспар тармағының мәртебесін өтінімді құру сәтінде жоспар тармағы болған мәртебеге ауыстырады.
Жоспар тармақтары «Жұмыс кабинеті – «Сатып алуға өтінімдер» мәзірінде өтінімді қайтадан құру мүмкіндігі үшін пулға қайтып оралады.
Басқа өтінімге байлаулы өтінімді алып тастаған кезде, жүйе бастап өтінімнің мәртебесін «Өзгертілді» дегеннен алдындағы «Қабыл алынбады»/»Расталды» мәртебесін қалпына келтіреді.