Абайкүні — Қазақстан Республикасының мерекелік күнтізбесіне енген күн. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 10 тамыз Абайкүні болып белгіленді. Бұл мереке 2020 жылы аталып өтілетін Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының қарсаңында бекітілді. Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының аудандық, қалалық филиалдарында 8 танымдық сабақ және 1 ашық сабақ өткізу жоспарланған.