2025 жылғы 15 мамырда Тіл сарайының Мәжіліс залында Жетісу облысы қоғамдық даму басқармасы және Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай әлемі» атты облыстық семинар өтті. Модераторы - Жетісу облысы “Тіл” оқу-әдістемелік орталығының басшысы Ж. Жолдыбаев. Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасының басшысының орынбасары Түстікбаева Ілияс Нұрболұлы іс-шараны кіріспе сөзімен ашты. Шараның негізгі бөлімінде ф.ғ.д., профессор, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері Б.Момынова “Абай және Шәкәрім өлеңдеріндегі рухани, материалдық тілдік бірліктердің қолданысы: ұқсастықтар мен айырмашылықтар”, Абай атындағы ҚазҰПУ «Хәкім Абай» орталығының бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.к., абайтанушы Ж. Шойынбет “Хәкім Абайдың даналығы”, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің оқытушысы, ф.ғ.к., С. Қожағұлов “ Абайдың ізгі ниеті мен асыл мұраты” тақырыбында баяндама жасады.
Іс-шара барысында ф.ғ.к., Жетісу облысы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі, Ғ.Тұрсынбайұлы, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазақстанның Құрметті журналисі Әміре Әрін, Қазақстанның Құрметті журналисі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Н. Әбдірахым Абай шығармаларының тәрбиелік мәні мен маңызына тоқталды. Іс-шара барысында С. Сейфуллин атындағы орталық кітапхана Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына бағытталған кітап көрмесін ұсынды. Семинарға белгілі абайтанушылар, жетісулық зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, ғалымдар мен тіл мамандары, атап айтқанда: мемлекеттік қызметтің ардагері Р. Есдәулетов, Жетісу облысы әкімінің инспекторы, ақын, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Г. Қасен, Жетісу облысы дін істері жөніндегі басқарма басшысы С. Жаңабай, «Жетісу Медиа» КМК контент-менеджері, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстанның Құрметті журналисі Ж. Жайлаубаев, Облыстық «Jetisý» газетінің бас орынбасары Р. Тұрғанбаев, «Жетісу» телеарнасы» ЖШС ақпараттық саясат және БАҚ-пен жұмыс бөлімінің басшысы Д. Атантелов және т.б қатысты.