Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы КММ Сарқан аудандық филиалында мемлекеттік тіл курсының В2 топ тыңдаушыларының қатысуымен “Қазақ тілі-ана тілім-өз тілім”танымдық сабағы өткізілді.Танымдық сабақ барысында қазақ тілінің мәртебесі жайында бейнероликтер назарға ұсынылып,тыңдаушылар арасында талқыланды.Шара соңында тіл туралы өлеңдер оқылды.