21/11/2024  Бейсенбі
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  8(7282) 41-80-20
ҚР, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, ҚАРАТАЛ ЫҚШАМ АУДАНЫ, 36Б

2023 жылдың 28 маусым күні Тараз шаһарында «БАҚ және тіл мәдениеті:  тілдік нормалар»  тақырыбында республикалық семинар өтті.

Жамбыл облысының  тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы және Жамбыл  облысының тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен өткен семинар барысында тіл мәселесі,  БАҚ-тағы тіл мәдениеті талқыланды.

Республикалық семинарға  қатысқан  Жетісу облысы «Тіл»  оқу-әдістемелік  орталығының басшысы Ж. Жолдыбаев ,«Қазақ сөз мәдениетінің интернеттегі көрінісі»  тақырыбында баяндама жасады.

Сондай-ақ,  семинарға «Тіл—Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бөлім басшысы,  М.Ахметова,  ғылыми қызметкер  Г.  Төкенқызы,  Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бөлім меңгерушісі  Ж. Жақан,  Тараз қаласы М. Дулати атындағы университетінің оқытушысы,  ф. ғ. к., қауымдастырылған профессор  З. Құлманова қатысты.

16.08.23 14 16.08.23 14 16.08.23 14 16.08.23 14

Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев
Мекеме басшысы