21/11/2024  Бейсенбі
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  8(7282) 41-80-20
ҚР, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, ҚАРАТАЛ ЫҚШАМ АУДАНЫ, 36Б

Бүгін, Тіл сарайында «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті  Рауан Кенжеханұлы тіл саласы мамандарымен кездесті.

Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының басшысы Ж. Жолдыбаев және Жетісу облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы

Е. Ақшабаев  әуелі Рауан Кенжеханұлын Тіл сарайының тыныс-тіршілігімен, орталық оқытушыларының шығарған оқу-әдістемелік құралдарымен, оқыту процесімен таныстырды.

Алқалы жиынды жүргізген Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Жетісу облыстық филилы төрағасы,  Халықаралық «Алаш»  сыйлығының иегері,  журналист Әміре Әрін: «Ана тілімізге қызмет ету – мәртебелі міндет» екендігін,  ұлтқа, тілге қызмет ету — бәрімізге ортақ парыз екендігін тілге тиек етті.

Қоғамдық бірлестік басшысы Рауан Кенжеханұлы тілді дамыту, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту үшін балабақшадан бастау керектігін, оқу құралдарын жаңарту, тілді үйрету платформаларын жасау, мобильді қосымшалар әзірлеу, оқу-әдістемелік құралдардың сауатты жазылуына мән беру керектігін айтты. Сол мақсатты жүзеге асыруға баршс тіл мамандарын жұмыла жұмыс жасауға шақырды.

Жиынға қатысқан облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының, «Қазақ тілі» қоғамының қызметкерлері тіл мәселесін, өздерін толғандырған мәселелерге қатысты сауалдарын жолдап,  ұсыныстарын білдірді.

Естеріңізге сала кетсек, биылғы жылдың қазан айында  Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақ тілі" қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлын қабылдап, мемлекеттік тілді ғылым мен техника тіліне айналдыру бағытында жұмыс жүргізуге тапсырма берген болатын.

19 4 19 4 19 4

Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев
Мекеме басшысы