04/02/2026  Сәрсенбі
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  8(7282) 41-80-20
ҚР, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, ҚАРАТАЛ ЫҚШАМ АУДАНЫ, 36Б

2024 жылғы 19 қыркүйекте облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының және Ескелді аудандық филиалының ұйымдастыруымен Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында мемлекеттік тілді оқытудың әдістемесін жетілдіру, озық тәжірибені зерделеу және қорыту, оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын тәжірибеге енгізу мақсатында «Мемлекеттік тілді меңгеруде білсенді білім стратегияларын тиімді қолданудың инновациялық аспектілері» атты облыстық семинар өтті.

Семинар барысында мекеме басшысы Ж. Жолдыбаев тыңдаушыларға, оқушыларға қазақ тілін үйретуде заманауи әдіс-тәсілдерді меңгерудің мәні мен маңызына тоқталды.

Шараға І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің оқытушы-ғалымдары, Ескелді ауданы бойынша жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері, орталықтың тіл мамандары, БАҚ өкілдері қатысты.
Шара барысында ф.ғ.д., профессор Мұратбек Мұбыракханұлы Иманғазинов «Білім мен ғылым интеграциясы және еуропалық білім кеңістігі» мини дәріс, ф.ғ.к., доцент Сайлау Қажыбекұлы Қожағұлов «Тілдік тұлға моделі» тақырыбында ғылыми баяндама оқыды. «Жетісу» газетінің жауапты хатшысы Е.Кенебаева «Мемлекеттік тілдің БАҚ-тағы көрінісі» туралы өзекті мәселелерді қозғады.

Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының Көксу аудандық филиалының меңгерушісі, 2024 жылғы «Үздік оқытушы» байқауының жүлдегері Олжас Кенжебекұлы «Тілді оқытуға арналған платформалар» атты жасанды интеллект бойынша шеберлік сабағын көрсетсе, Ескелді аудандық филиал меңгерушісі Әйгерім Болатбекқызы Молдабаева «Мемлекеттік тілдің функционалдық дамуы» тақырыбымен семинарды қорытындылады.
Семинар барысында қатысушылар өз ойларын айтып, мемлекеттік тілді меңгерудегі тиімді әдіс-тәсілдермен танысып, ризашылықтарын білдірді. Барлық қатысушыларға семинар сертификаттары табысталды.

1 1 1 1 1 1 1

Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев
Мекеме басшысы