Ағылшын курсы тыңдаушылары арасында "My Kazakhstan" тақырыбында танымдық сабақ өтті. Сабақ Қазақстан туралы патриоттық видеоролик көруден басталды. Танымдық сабақ барысында тыңдаушыларға еліміздің мемлекеттік және ұлттық мерекелерін атап шығу ұсынылды.
Қазақстан туралы ағылшын тілінде берілген мәліметтерге көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойып оқыды.
Келесі кезеңде тыңдаушылар екі топқа бөлініп еліміздің географиясы және тарихы туралы білімін тапсырмада берілген қателерді түзету бойынша көрсетті.
Сабақ соңында тыңдаушылар тақырыпқа сәйкес сұрақтарға жауап беріп, ағылшын тілінде мерекелік тілектер айтты.
Шара барысында Тәуелсіздік, Мемлекет тақырыбы бойынша сөздік пысықталып, тапсырмалар орындалды.