2025 жылғы 28 наурызда Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының мемлекеттік тіл курсы В2 ортадан жоғары деңгей және іс жүргізу курсының тыңдаушыларына сертификат табысталды.
Сертификаттау табыстау рәсімінде мекеме басшысы Ж. Жолдыбаев кіріспе сөз сөйлеп, мемлекеттік тілде сауатты жазу мен тілдік норманы сақтаудың мәні мен маңызына тоқталды.
2025 жылғы І тоқсанда В2 деңгейі және ісжүргізу курсы бойынша 563 тыңдаушы курсты аяқтады. Оның ішінде: В2 деңгейі бойынша - 422 тыңдаушы, Іс жүргізу курсы бойынша - 141 тыңдаушы.
Тыңдаушылардың азаматтық құрамы бойынша: 211 мемлекеттік қызметшілер, 236 бюджеттік сала қызметкерлері, 116 жеке тұлға. Ұлттық құрамы: 444-і қазақ, 119-ы этнос өкілдері.
Шара соңында 533 тыңдаушыға сертификат табысталды