04/02/2026  Сәрсенбі
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  8(7282) 41-80-20
ҚР, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, ҚАРАТАЛ ЫҚШАМ АУДАНЫ, 36Б

Қазақстан тілдер мерекесіне орай А1 деңгейі  курсы тыңдаушыларының арасында  «Тіл – достықтың алтын көпірі» атты танымдық сабақ өткізілді. Сабақ барсында тілдің – таусылмайтын байлық, қанша тіл білсең, өзгелерден сонша есе биік болатындықтары айтылды.

        Тіл үйренушілерге  мемлекеттік  тілді білу парыз екендігі түсіндірілді. Сабақта айтылым, оқылым және жазылым дағдысы  бойынша тапсырмалар орындалды.  Үй жұмысы бойынша Кокина Лариса мен Мануйленко  Дина өте жақсы жауап берді. Сабақ барысында қазақ тіліне тән дыбыстарға ұтымды жаттығулар жасалды.

         Сөзжұмбақ шешуден топтан Донских Юлия Сергеевна мен Пахомов Матвей  Александрович озып шықты. Ал қызықты викториналық сұрақтарға Ремизова Виктория Дмитриевна  тамаша жауап берсе, сөздік диктанттан Ли Валентина он ұпай алды.  Сабақ мақсатына жетті.

 

IMG 5724 IMG 5725 IMG 5729 IMG 5740 IMG 5741 IMG 5744

Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев
Мекеме басшысы