5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күні мерекесі – қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты.
Осы мерекеге орай Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы және облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Тіл – татулық тірегі» атты салтанатты шара өтті.
Шараның шымылдығын Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы Бауыржан Бақытұлы Абибеков алғы сөзбен ашты. Басқарма басшысы өз кезегінде тіл жанашырларын кәсіби мерекемен құттықтап, тіл саласында еселі еңбек етіп жүрген мамандарды марапаттады.
Атап айтсақ, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің Құрмет грамотасымен облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының басшысы Жолдыбаев Жеңіс Хамитұлы, бөлім меңгерушісі
М. Қуандық марапатталса, Панфилов аудандық филиалының меңгерушісі
А. Калибековке, орталық оқытушысы М. Маралбаеваға, Текелі қалалық филиалының меңгерушісі А. Қалысбаеваға, Қаратал аудандық филиалының меңгерушісі Г. Есболоваға, Көксу аудандық филиалының меңгерушісі
О. Қойчибековке облыс әкімі орынбасарының алғыс хаты табыс етілді. Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының Алғыс хаты Алакөл аудандық филиалының меңгерушісі Р. Сейтхановаға, Ақсу аудандық филиалының меңгерушісі Н.Тілеубергеноваға табысталды.
«Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы қоғамдық бірлестігі» Жетісу облыстық филиалы төрағасының Алғыс хаты Ақсу аудандық филиалының меңгерушісі Т. Шермұхановаға, Алакөл аудандық филиалының оқытушысы М. Жанарбекке берілді.
Айтулы мерекеде ана тілімен қатар мемлекеттік тілді меңгеру парызым деп санайтын облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушысы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 5514 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімше бастығының аға көмекшісі Сон Александр Витальевич сөз сөйлеп, тіл үйретіп жүрген орталық ұжымына алғысын білдірді.
Сондай-ақ, мекеме басшысы Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаевқа, заңгер, кадр жөніндегі инспекторы Д. Нұртаеваға «ҚЫЗМЕТ» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіптік одағы» атынан «Еңбек адамы» төсбелгісі табысталды.
Шараға зиялы қауым өкілдері, Жетісу облысының әкімдігіне қарасты облыстық басқарманың тілге жауапты мамандары, облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы және филиалдарының қызметкерлері, тыңдаушылар, «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігі Жетісу облыстық, Талдықорған қалалық филиал өкілдері, жастар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
Барлық марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жемісті болсын!