21/11/2024  Бейсенбі
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  8(7282) 41-80-20
ҚР, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, ҚАРАТАЛ ЫҚШАМ АУДАНЫ, 36Б

Биыл қазақ тілінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті ғалым, қазақ тіл ғылымының білгірі, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР-ның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Рәбиға СЫЗДЫҚТЫҢ туғанына 100 жыл толып отыр.

2024 жылғы 10 қыркүйекте ғалымның 100 жылдық мерейтойына орай Жетісу облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының және Жетісу университетінің ұйымдастыруымен  «Ғылым мен ғұмыр» тақырыбында облыстық ғылыми семинар өтті.

Семинарда алғы сөз алған әрі модераторлық еткен орталық басшысы
Ж. Жолдыбаев, Рәбиға Сыздықованың тіл білімі саласындағы орасан еңбегін атап өтіп, шараның мәні мен маңызына тоқталды.

Семинар барысында  Рәбиға апамыздың өмір жолы мен ғылымға бетбұрысы жайлы, жазған еңбектері мен зерттеулері туралы орталық оқытушысы М. Әділбек «Ғылым мен ғұмыр», І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, докторант А. Алтай «Рабиға Сыздық және тіл білімі» облыстық «Тіл»
оқу-әдістемелік орталығы Ескелді аудандық филиалының меңгерушісі
А. Молдабаева  «Рабиға Сыздық және қазақ тілтанымы» тақырыптары бойынша баяндама жасады.

        Баяндамада ғалымның  «жар – қабырға» (қабырға газеті – жар газеті)«ұлықсат – рұқсат», «ылайық – лайық», «уағда – уәде» және т. б дублет сөздерге, орфоэпиялық нормаға,  пунктуацияға қатысты зерттеулеріне, «Абай шығармаларының тілі» еңбегіне  шолу жасалды.

Тағылымы мен өнегесі мол іс-шараға қатысқан Жетісу облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік  орталығының қызметкерлері мен жетісу университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы студенттері, ғалымның өміріне қатысты тың деректерге қанық болды.

Өз кезегінде, Жетісу облысы қоғамдық даму басқармасының бөлім басшысы Т. Рахымберлина жастарды тілді құрметтеуге, білім мен ғылым іздеуден жалықпауға шақырды.

1 1 1 1 1 1 1 1

Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев
Мекеме басшысы