21/11/2024  Бейсенбі
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  8(7282) 41-80-20
ҚР, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, ҚАРАТАЛ ЫҚШАМ АУДАНЫ, 36Б

2023 жылы 31 мамырда Алматы қаласы Farabi University кітапханасында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Farabi University және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының қолдауымен 2020-2022 жылдар аралығындағы қызметі бойынша «Заманауи тілтанымдық зерттеулер» атты стенд-конференция өтті. Конференцияда А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры А. Фазылжан және Farabi University ректоры Ж. Түймебаевтың қатысуымен әзірленген цифрлық өнімдердің тұсаукесер салтанаты өтті. Атап айтқанда, әлемдегі ең ірі мегажоба – қазақ тілі ұлттық корпусының жетілдірілген сайты, цифрлық тілтанымдық кітапхана, қазақ тілінің сөздік қоры жинақталған электрондық картотека,  А. Байтұрсынұлының мұрасына арналған жоба – «Ahmettanu» сайты және институттан шыққан өзге де іргелі зерттеу еңбектерінің таныстырылымы болды.

Конференцияға Жетісу облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бөлім басшысы Т. Рахымберлина және Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының басшысы Ж. Жолдыбаев қатысты.

Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев
Мекеме басшысы