2025 жылғы 10 сәуірде Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы облыстық «Үздік оқытушы – 2025» облыстық байқауы өтті. Үздік оқытушылар додасы 3 кезеңнен тұрды.
Алғашқы кезеңінде қатысушылар тілді оқытуда пайдаланатын заманауи технологияларымен таныстырды. Екінші кезеңде әдістеме бойынша сұрақтарға жауап берсе, үшінші кезеңде үміткерлер В2 - орта деңгей тыңдаушыларынан құралған топпен сынама сабақ өткізді.
Сайысқа Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының аудандық және қалалық филиалдарынан 10 үміткер бақ сынады.
Байқауға қоғамдық даму басқармасы тіл бөлімінің басшысы Т. Рахымберлина, №11 орта мектептің мұғалімі М. Халыққызы және «Үздік оқытушы -2023» республикалық байқауының бас жүлде иегері Ж. Елесебаева төрелік етті.
Байқаудың шымылдығын мекеме басшысы Ж. Жолдыбаев кіріспе сөзімен ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Байқау қорытындысы бойынша:
І орынды Айгерім Молдабаева (Ескелді ауданы), ІІ орынды Айдана Маманқызы (Ақсу ауданы) және Жадыра Шатырбаева (Көксу ауданы) теңдей бөліссе, ІІІ орынды Мадина Айтова (Лепсі ауылы) иеленді. Қалған
6 қатысушыға ынталандыру жүлдесі берілді. Байқауға қатысушыларға алғысхаттар, дипломдар мен ақшалай сертификаттар табысталды.
Шара соңында мекеме басшысы құттықтау сөз сөйлеп, қазақ тілі оқытушыларының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Үздік оқытушы-2025» облыстық байқауының жүлдегерлеріне сәттілік тілеп, байқауға қатысқан барлық қатысушыларға ризашылығын білдірді. Биыл аталмыш байқау қыркүйек айына жоспарланып отыр. 2024 жылы байқауға Жетісу облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының Көксу аудандық филиалының меңгерушісі О. Қойчибеков қатысып, жүлделі ІІІ орынды қанжығалаған еді.