2024 жылғы 14 қарашада Қарағанды облысы тілдерді дамыту басқармасы және Қарағанды облысы тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен «Жасанды интеллект: тіл үйретудегі рөлі мен мүмкіндігі» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өтті.
Құттықтау сөзді Қарағанды облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Әбеуова Салтанат Мірәсілқызы алды.
Семинардың алғашқы бөлімінде Қарағанды облысы тілдерді оқыту орталығының директоры А. Игенова «Заманауи оқу құралдары: тіл үйретудегі рөлі мен маңызы» тақырыбында баяндама жасап, орталық өнімдерін таныстырды. Әдіскер М. Шайхсламқызы «Қазақ тілін үйренуге арналған «Saryarqa» веб-сайтының мазмұны мен құрылымын таныстырса, оқытушы Ф. Ерланқызы «Сарыарқа» оқу-әдістемелік кешенінің ютуб каналындағы контентке шолу жасады.
Пленарлық жиынның соңы пікір алмасуға ұласты. Жетісу облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының басшысы Ж. Жолдыбаев өз кезегінде жасанды интеллектінің орнымен пайдалана білсе, жалпы адамзат үшін шексіз мүмкіндіктері көп екендігін тілге тиек етті.
Іс-шараға республикалық Жетісу, Абай, Ақтөбе, Қостанай, Жамбыл, Петропавл облыстық тілдерді оқыту орталықтарының басшылары мен оқытушы-әдіскерлері қатысты.
Іс-шараның практикалық бөлімінде Көксу аудандық филиалының меңгерушісі О.Қойчибеков «Тілдерді оқытуға арналған платформалар» тақырыбында шеберлік сағатын көрсетті. Сондай-ақ, Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай облыстық тілдерді оқыту орталықтары мамандары орталықта атқарылып жатқан жұмыстары мен қолға алынған жобалары туралы ақпарат беріп, ой бөлісті.