Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы және оның аудан, қаладағы филиалдары 2023 жылғы I жартыжылдық қорытындысы бойынша өңірдегі мемлекеттік мекемелердің қызметшілеріне, бюджеттік сала мамандарына, қызмет көрсету саласының қызметкерлеріне және жеке тұлғаларға мемлекеттік тілді және қажеттілігіне қарай орыс және ағылшын тілдерін озық әдістер мен жаңа оқыту технологиялары негізінде оқыту курстарын аяқтады.
2023 жылғы І жартыжылдыққа жоспарланған 96 сағаттық оқу курсының аяқталуына байланысты 21-23 маусым аралығы мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдері оқыту курстары бойынша емтихан кестесі бекітілді.
Бүгін Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы және оның аудан, қаладағы филиалдарында емтихандар басталды.