21/11/2024  Бейсенбі
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  8(7282) 41-80-20
ҚР, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, ҚАРАТАЛ ЫҚШАМ АУДАНЫ, 36Б

  5 қыркүйек тіл мерекесіне орай,  4 қыркүйек күні  Алакөл аудандық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының  ұйымдастыруымен «Жеті жұрттың тілін біл,Өз тіліңді құрметте» атты танымдық сабақ өткізілді. Сабаққа мемлекеттік тілді оқыту А1- 2 тобымен өткізілді. Топ тыңдаушылары сабақ барысында қазақ тілінде оқыған кітаптары мен бөлісіп, тіл туралы өлең шумақтарын оқыды.         

      Шараның басты мақсаты— тыңдаушыларға ана тілімізді ардақ тұтып, өзге тілді игерудің және де елімізде тату тәтті өмір кешіп жатқан ұлттар мен ұлыстардың тіл мәдениетіне құрметпен қарауды дәріптеу. Сонымен қатар өз ана тіліміздің тазалығын, көркемділігін, байлығын, шешендігін, әуезділігін сақтай отырып, ана тіліне сүйіспеншілікті арттыру, мемлекеттік тіл мәселесін көтеруге үлес қосу. Шын мәнінде тіл ұлттың жаны, ары және бірліктің бастауы. Қай ұлт болса да оның басты құндылығы тілі екені даусыз.

      Қазіргі ғылым мен техниканың заманында қазақ жастары әлемдік интеграция үрдісіне ілесіп, дүниежүзінде нарық пен ғылымның тілі болған ағылшын, қытай, неміс тілдерін игеру заман талабы. Әлемде дамыған елдердің бірі Жапонияда жас ұрпағына әуелі ана тілін толық меңгермей тұрып өзге тілді үйретуге рұқсат бермейді. Әрине, бұл да игі дәстүр. Осы тұрғыдан аталмыш шара барысында тыңдаушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасып, ана тіліміздің қадірін түсінумен бірге өзге тілдерге құрметпен қарау туралы тұшымды ойларымен бөлісті.\

36037bb3 5fb0 4cd4 8ef8 bed85ba9dd49e7808ec6 99ad 4ccb 93ca b9320b3856df

Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев
Мекеме басшысы