1 қарашада Тіл сарайында Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының басшысы Ж.Жолдыбаевтың төрағалық етуімен «Оқыту орталықтарының жұмыстарын жүйелендіру» атты облыстық байқаудың қорытынды жиыны өтті.
Жиын барысында мекеме басшысы жыл көлемінде атқарылған жұмыстар мен жеткен жетістіктерге тоқталып, 2024 жылы өтетін іс-шаралар жоспарымен таныстырды.
Аудандық, қалалық филиалдардың меңгерушілері, оқытушылары қатысқан жиында жыл бойы озық тәжірибесімен, тілдерді оқытудағы заманауи әдіс-тәсілдерін бөлісу арқылы көзге түсіп, тіл саясатын жүзеге асыру жолында аянбай еңбек еткен орталық қызметкерлері марапатталды.
Байқау жеңімпаздарын анықтау үшін құрылған комиссия алдын ала бектілген ережеге сәйкес, әр қатысушыдан өтінімдер жинап, тыңдаушылар туралы ақпарат, жазған мақалалары мен өткізген шараларына мониторинг жасап, әр қатысушының жеке және ұжымдық жұмысын бағалап, сұрыптады.
Байқаудың қорытындысы бойынша «Үздік филиал» номинациясына Ақсу аудандық филиалы, «Үздік меңгеруші» номинациясына Қаратал аудандық филиалының меңгерушісі Г. Есболова, «Үздік қызметкер» номинациясына бас есепші Қ. Оспанова лайық деп танылды.
Байқауға қатысқан барлық жүлдегерлерге алғысхаттар, дипломдар мен ақшалай сертификаттар табысталды.