2025 жылғы І тоқсанға қабылданған тыңдаушылар саны – 1640 (мемлекеттік тіл - 1214, ағылшын тілі - 426), топ саны - 107. Оның ішінде 277 мемлекеттік, 701 бюджеттік сала қызметкерлері, 662 жеке тұлға. Ұлттық құрамы: 1033-і қазақ, 607-і этнос өкілдері (37 %).
Мемлекеттік тілді оқыту курсына қабылданған тыңдаушылар саны –1214, топ саны - 77, оның ішінде 220 мемлекеттік, 492 бюджеттік сала қызметкерлері, 502 жеке тұлға. Ұлттық құрамы: 681-і қазақ, 533-і этнос өкілдері (44%).
Ағылшын тілі курсына 426 тыңдаушы қабылданды. Топ саны - 30, оның ішінде 57 мемлекеттік, 209 бюджеттік сала қызметкерлері, 160 жеке тұлға. Ұлттық құрамы: 352-і қазақ, 74-і этнос өкілдері (17%).
Облыстық орталыққа мемлекеттік тіл курсы бойынша 1214, ағылшын тілі курсы бойынша 426 тыңдаушы жазылды.