Сәуірдің 24-28-сі аралығында тізімде көрсетілген өңірлерде ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеу өтеді.
Жетісу облысының «Тіл» оқу әдістемелік орталығы, аудандық және қалалық филиалдарында
3-7 сәуір күндері жоспарға сәйкес зерделеу жұмыстары жүргізілуде.
Текелі қаласы мен Ескелді, Ақсу, Көксу, Қаратал Сарқан, Кербұлақ, Алакөл, Панфилов жүргізілген зерделеу барысында істер номенклатурасы, материалдық-техникалық базасы тексерілді.
Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының іс жүргізу курсын тәмамдаған тыңдаушыларға сертификаттар табысталды. Тыңдаушылар 3 ай көлемінде құжаттарды сауатты рәсімдеуді үйренді.
2023 жылдың 15-16 наурыз күндері Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Тілді оқытуда инновациялық технологияларды тиімді қолдану» атты 16 сағаттық оқытушылардың біліктілігін арттыру курсы өтті.
Инновациялық технологиялардың қыр-сырын меңгертуге бағытталған курстың спикері – Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығының директоры, «Ана тілі жанашыры» төсбелгісінің иегері –Алмагүл Ақмашқызы Игенова.
Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының аудандық және қалалық филиалдарында мемлекеттік тілді оқыту курсы В2 ортадан жоғары деңгейі мен іс жүргізу курсы бойынша емтихан қабылдау басталды.
Бүгін Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ақиық ақын М. Мақатаевтың туған күніне және дауылпаз ақын Е. Жақыпбековтың туған күніне орай әдеби-танымдық кеш өтті.
Әдеби-танымдық кеш басталмай тұрып, облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Е.Ақшабаев және «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының басшысы Ж.Жолдыбаев М.Мақатаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып,рухына тағзым етті.
Бүгін, Тіл сарайы ғимаратында облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында тілді оқытудың базалық әдіснамасының негіздері мен әлемдік тәжірибелерді басшылыққа ала отырып, тілдерді оқытудың инновациялық тәсілдері мен тілдік білім беру әдістемесін жетілдіру мақсатында «Тіл үйретудің заманауи әдіс-тәсілдері» атты аймақтық іс-тәжірибе алмасу семинарына Жетісу, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстық тілдерді оқыту орталықтарының басшылары және оқытушылары қатысты.