2023 жылғы 21-23 маусым аралығы Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы және оның аудан, қаладағы филиалдарында емтихандар өтті.
6 айға созылған курстарды облыс бойынша 1617 тыңдаушы аяқтап, емтихан тапсырды.
2023 жылғы 27 маусымда Алакөл ауданы Үшарал қаласында Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік тілді оқытудың әдістемесін жетілдіру, озық тәжірибені зерделеу және қорыту, оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын тәжірибеге енгізу мақсатында Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тілді үйрету: әдіс, тәжірибе, шығармашалық» атты көшпелі семинар өтті.
2023 жылғы 21 маусымда Тіл Сарайында «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Жетісу облысы бойынша филиалының төрағасы Қ. Жақсылық Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күніне орай жиын өткізді. Жиынға Жетісу облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқарма қызметшілері мен Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының қызметкерлері қатысты. Аталған шарада кәсіподақ жұмысына белсенді қатысып, жұмысқа жауапкершілікпен қарап, кәсібилігімен танылған қызметкерлер мадақталып, арнайы төс белгімен және құрмет грамоталарымен марапатталды.
Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы және оның аудан, қаладағы филиалдары 2023 жылғы I жартыжылдық қорытындысы бойынша өңірдегі мемлекеттік мекемелердің қызметшілеріне, бюджеттік сала мамандарына, қызмет көрсету саласының қызметкерлеріне және жеке тұлғаларға мемлекеттік тілді және қажеттілігіне қарай орыс және ағылшын тілдерін озық әдістер мен жаңа оқыту технологиялары негізінде оқыту курстарын аяқтады.
2023 жылғы 15 маусымда Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі» атты мемлекеттік тілді жетік меңгерген этнос өкілдерінің арасында өтетін облыстық байқауы өтті.