Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Ескелді аудандық филиалының мемлекеттік тіл курсының тыңдаушыларымен «Берекелі, мерекелі Әз Наурыз!» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді.
Жыл басы Наурызбен бірге ызғарлы қыстың орнын шуақты көктем басып, тіршілік қайта түлейді. Бұл күні адамдар бұлақ көзін ашып, тал еккен, жоқ-жітікке жәрдемдескен. Алыс кеткен ағайын қауышқан, араз жандар татуласып, қайта табысқан күн. Сол себептіде қазақ халқы Наурыз мерекесін ерекше атап өтеді.
Биылғы наурыз мерекесіне орай Алакөл «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 19 наурыз күні З.Қойшыбаева атындағы мәдениет үйінде «Наурыз - думан» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Жетісу облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Текелі қалалық филиалының мемлекеттік тіл курсы тыңдаушысы Д. Даренская Наурыз мерекесімен құттықтауы.
https://www.instagram.com/reel/C4rp7KSij6_/?igsh=MW94OThjb3d2bGJ6cQ==
Жетісу облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы ағышын тілі курсының оқытушылары А. Тұрлыбек және С. Райсова «Қазақтың ұлттық тағамы – «Nauryz kozhe» тақырыбында ағылшын тілінде видеомағлұмат әзірледі.
https://www.instagram.com/reel/C4sBAiKCSvL/?igsh=MTZ6bGU4cTVhang3bQ==
Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Кербұлақ аудандық ағылшын тілін оқыту курс тыңдаушылары Ұлыстың ұлы күніне орай түсірген видео құттықтауын жолдайды. Наурыз мейрамы құтты болсын!
https://www.instagram.com/reel/C4pxEihi9NG/?igsh=bmR4bHcxOWhsN2xj
Наурыз айының 19 күні Текелі қалалық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығында «Бақ-берекем, құт - мерекем – Әз Наурыз!» атты танымдық сабақ болып өтті.
Сабақтың мақсаты: тыңдаушыларға Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт – дәстүрін, ұлттық дүниетанымын, ұлттық киімін, тағамын, ойындарын насихаттап көрсету.
Жыл басы Наурызбен бірге ызғарлы қыстың орнын шуақты көктем басып, тіршілік қайта түлейді. Бұл күні адамдар бұлақ көзін ашып, тал еккен, жоқ-жітікке жәрдемдескен. Алыс кеткен ағайын қауышқан, араз жандар татуласып, қайта табысқан күн. Сол себептіде қазақ халқы Наурыз мерекесін ерекше атап өтеді.
Биылғы наурыз мерекесіне орай Алакөл «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 19 наурыз күні З.Қойшыбаева атындағы мәдениет үйінде «Наурыз - думан» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Наурыз мерекесінің мазмұнын байытып, жаңаша атап өту туралы «Наурызнама» тұжырымдамасының негізінде 19 наурыз «Жаңару» күні болып белгіленді. «Наурыз – елдің заманауи тарихындағы ауқымды өзгерістерге жол ашқан жаңа саяси кезеңнің бастауы» деген идеологема бойынша наурыз мерекесін тойлаудың жаңа тұжырымдамасы негізінде Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Ескелді аудандық филиалының қызметкерлері мен тыңдаушылары көшет отырғызу жұмыстарына қатысты.
Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Ескелді аудандық филиалының мемлекеттік тіл курсының тыңдаушыларының қатысуымен «Шаңырақ жарастығы» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді.
Мақсаты: Наурыз мерекесі қарсаңында тыңдаушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлап салт-дәстүрімізді дәріптеу. Тыңдаушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тарту.