Жыл басы Наурызбен бірге ызғарлы қыстың орнын шуақты көктем басып, тіршілік қайта түлейді. Бұл күні адамдар бұлақ көзін ашып, тал еккен, жоқ-жітікке жәрдемдескен. Алыс кеткен ағайын қауышқан, араз жандар татуласып, қайта табысқан күн. Сол себептіде қазақ халқы Наурыз мерекесін ерекше атап өтеді.
Биылғы наурыз мерекесіне орай Алакөл «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 19 наурыз күні З.Қойшыбаева атындағы мәдениет үйінде «Наурыз - думан» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Наурыз мерекесінің мазмұнын байытып, жаңаша атап өту туралы «Наурызнама» тұжырымдамасының негізінде 19 наурыз «Жаңару» күні болып белгіленді. «Наурыз – елдің заманауи тарихындағы ауқымды өзгерістерге жол ашқан жаңа саяси кезеңнің бастауы» деген идеологема бойынша наурыз мерекесін тойлаудың жаңа тұжырымдамасы негізінде Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Ескелді аудандық филиалының қызметкерлері мен тыңдаушылары көшет отырғызу жұмыстарына қатысты.
Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Ескелді аудандық филиалының мемлекеттік тіл курсының тыңдаушыларының қатысуымен «Шаңырақ жарастығы» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді.
Мақсаты: Наурыз мерекесі қарсаңында тыңдаушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлап салт-дәстүрімізді дәріптеу. Тыңдаушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тарту.
«Ең әдемі киім – ұлтыңның киімі», - деген ұлы адамдар. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрі де, үлгісі де еш халықтан кем болған жоқ. Оның көркем үлгілері әлемнің этнографиялық мұражайлары мен көрмелерінен орын алған.
16 наурыз күні Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Сарқан аудандық филиалында мемлекеттік тіл курсының В1 орта деңгей және ағылшын тілі курсы тыңдаушыларымен ұлттық киімді насихаттау және Наурыз мерекесін дәріптеу мақсатында «Наурыз-думан» атты танымдық сабақ өткізілді.
Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа!
Бүгін 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні.
«Наурыз мерекесін тойлау» концепциясы бойынша 15 наурыз – Қайырымдылық күні. Бұл күн қайырымдылыққа, мейірім мен тату көршілікке арналады. Осыған орай Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Панфилов аудандық филиалы мен «Қорғас» шекара басқармасы Қорғас ауылында жағдайы төмен отбасыларға арналған «Қайырымдылық - игі іс» қайырымдылық пакетін табыстады. Шара Мемлекеттік тілді оқыту курсының В2 ортадан жоғарғы деңгей тыңдаушыларының бастамасымен ұйымдастырылды.
Кербұлақ аудандық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 14 наурыз – Көрісу күніне орай В2 ортадан жоғары деңгей тыңдаушыларымен «Көрісу дәстүрі» тақырыбында танымдық сабақ өтті. Аталмыш шараның мақсаты – тыңдаушыларға, өскелең ұрпаққа қазағымыздың салт-дәстүрлерінің бірі - Амал мерекесінің ерекшелігімен таныстыру және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, ұлық дәстүрді дәріптеу.
14 Наурыз Көрісу күні - Амал мерекесі. Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұжымы бұл күні ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ұлттық киім киіп, Амал мерекесін атап өтті.
«Наурыз мерекесін тойлау» концепциясы бойынша 15 наурыз – Қайырымдылық күні. Бұл күн қайырымдылыққа, мейірім мен тату көршілікке арналады. Осыған орай Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Панфилов аудандық филиалы мен «Қорғас» шекара басқармасы Қорғас ауылында жағдайы төмен отбасыларға арналған «Қайырымдылық - игі іс» қайырымдылық пакетін табыстады. Шара Мемлекеттік тілді оқыту курсының В2 ортадан жоғарғы деңгей тыңдаушыларының бастамасымен ұйымдастырылды.