Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы тыңдаушыларына куәлік сертификаттар табысталды.
Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы мемлекеттік тілді оқыту курсының тыңдаушылар емтихан тапсырды.
Продолжительность курсов: от 3 до 6 месяцев.
Начало: 8 января 2024 года.
Ағылшын курсы тыңдаушылары арасында "My Kazakhstan" тақырыбында танымдық сабақ өтті. Сабақ Қазақстан туралы патриоттық видеоролик көруден басталды. Танымдық сабақ барысында тыңдаушыларға еліміздің мемлекеттік және ұлттық мерекелерін атап шығу ұсынылды.
2023 жылдың 15 желтоқсан күні Кербұлақ аудандық «Тіл» оқу-әдістемелік филиалының ұйымдастыруымен «Тәуелсіз елім – Қазақстаным» атты тақырыбында ашық сабақ өтті. Мақсаты - Қазақстан Республикасы өз алдына дербес ел болуына 32 жыл толуымен таныстыру, тамыры терең тарихын еске түсіру. Тіл үйренушілердің білім деңгейін топтық жұмыс барысында арттыру арқылы өз еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін көрсету. Ашық сабақ барысында оқытушы Ж.Қуаныш Тәуелсіздік туралы толық мәлімет беріп, тәуелсіздіктің саңлақтарымен таныстырды. Тыңдаушылар өзара қойылған сұрақтарға белсене жауап берді. Шараға қатысушыдар арасында өзара пікір алмасу болды. Ашық сабақ барысында тыңдаушылар 3 топқа бөлініп, тапсырмалар орындады. Берілген тапсырманы тыңдаушылар өз деңгейінде орындап шықты. Сабақ соңында Тәуелсіздік күніне орай патриоттық ән орындалып, жылы тілек, лебіздер айтылды.
2023 жылғы 13 наурыздағы мемлекеттік тапсырманы орындау бойынша №1 шарты, күнтізбелік жоспарының «Мемлекеттік және ана тілдерін оқыту бойынша оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу, шығару және тарату» тармағына сәйкес сараптама комиссиясынан өткен оқу құралдары таратылды.
Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының аудандық және қалалық филиалдарында 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күніне байланысты іс-шаралар жоспары.
Талдықорған қаласының № 7 орта мектептің оқушылары және жетекшісі Лилия Маликовна Тіл сарайының тынысымен танысып қайтты.
Экскурсияны бөлім басшылары А. Қанайбаева және М. Қуандық жүргізді.
Бүгін, Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Тілдерді оқыту платформалары» тақырыбында шеберлік сағаты өтті.
Іс-шараның шымылдығын ашқан мекеме басшысы — Ж.Жолдыбаев шараның мақсатына,мән-маңызына тоқталды.Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге Президентіміз Қ.Тоқаевтың қолдау танытып отырғанын тілге тиек етіп, оқытушылардың тіл үйретуді түрлендіруі керектігін айтып өтті.
Бүгін, Тіл сарайында «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті Рауан Кенжеханұлы тіл саласы мамандарымен кездесті.
Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының басшысы Ж. Жолдыбаев және Жетісу облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы