23/11/2024  Сенбі
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  8(7282) 41-80-20
ҚР, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, ҚАРАТАЛ ЫҚШАМ АУДАНЫ, 36Б

2023 жылдың 22 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Халықтарының тілдері күні мерекесіне орай, Жетісу облысының «Тіл»  оқу-әдістемелік орталығы Панфилов аудандық филиалының ұйымдастыруымен "Ой дода" викториналық ойыны өтті.

Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен оқытушылардың кәсіби беделі мен қоғамдағы мәртебесін арттыру, әдістемелік шеберлігін анықтау, тәжірибесін сараптау арқылы ынталандыру, қолдау көрсету және марапаттау мақсатында ұйымдастырылып отырған «Тілді үйретудегі отандық әдістемелердің тәжірибесі»  тақырыбында оқытушылардың біліктілігін арттыру курсы өтті.

Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының басшысы
Ж. Жолдыбаев келген қонақтармен таныстырып, шараның мәні мен маңызына тоқталады.

Курстың алғашқы бөлімінде  Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл    білімі институтының директоры Анар Фазылжан Лингводидактикалық база негіздері ретіндегі жаңа  тілтанымдық құралдар мен жаңартпалар тақырыбындабаяндама жасап, лингводидактика, лингводидактикалық база, тілтанымдық жаңартпалар, тілтанымдық құралдар туралы түсінік берді.

Курстың екінші бөлімінде Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл  білімі институтының «Ахметтану» бөлімінің меңгерушісі -                              Құралай Бимолдақызы Күдеринова «Тіл үйренушіге қазақ тілінің дәстүрлі сөзсаптамын  үйретудің маңызы»,   «Қазақ тілі дәстүрлі сөзсаптамын меңгертудің тыңдаушы тілдік санасын  қалыптасырудағы рөлі» тақырыптары бойынша баяндама жасады.

 Біліктілікті арттыру курсына Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының аудандық және қалалық филиалдарынан 23 оқытушы қатысты. Курсқа қатысқан оқытушыларға мекеме басшысы Ж. Жолдыбаев сертификаттар табыстады.

 

1 1 1 2 1 3 1 4 1 5 1 6 1 7 1 8 1 9

2023 жылдың 8 қыркүйек  күні сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және жол бермеуге ерекше назар аудара отыра, басқарма мен орталық  қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікке  тәрбиелеу,  сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділік деңгейін қалыптастыру мақсатында  түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Адалдық — ар-намыстың сәулесі.

1 11 21 31 4

2023 жылдың 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тілім менің – тірлігімнің айғағы»  тақырыбындағы аудандық кітапхана ұжымымен дөңгелек үстел өткізілді.

Мақсаты: Мемлекеттік тілді құрметтеу, сыйлау, ана тілдерін қастерлеу сезімдерін дамыту. Сөздік қорларын байыту, іскерлікке дағдыландыру. Ұлтжандылыққа, адамгершілікке баулу.

 Шараға «Ескелді аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі», Ескелді аудандық тіл орталығының қызметкерлері және аудандық кітапхана ұжымы қатысты. Мерекелік сағат барысында Ескелді аудандық филиал меңгерушісі А. Нұрбек «Тіл мәдениет, тіл әдебиет, тіл тарих» тақырыбында баяндама оқыды. Ескелді аудандық кітапхананың кітапханашысы, «Ана тіл – асыл қазына» клубының жетекшісі Бейсбаева Даулетхан Қуатбекқызы тақырыпқа сай ұйымдастырылған көрмемен таныстырып, тіл жайлы көптеген кітаптармен, ұшқыр ойлары қағаз бетіне түскен ақын-жазушылардың пікірлерімен таныстырып, мазмұнын түсіндірді.

Шара соңында қатысушылар қазіргі таңда кездесетін маңызды мәселелерді ортаға салып, түйткілді ойларымен бөлісті.      

Соңында Ескелді аудандық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының меңгерушісі А. Нұрбек дөңгелек үстелге қатысқан қонақтарға алғысын айтты.

         ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, 5 қыркүйек, яғни Ахмет Байтұрсынұлының туған күні – Қазақстан халқы тілдері күні болып бекітілгені баршамызға белгілі.

         Атаулы датаның өзгеру себебінің өзіндік сыры бар еді - «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» екендігін айтып, ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халықының азат тағдыры мен тілі үшін күрескен халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, Алаш арысы, ағартушы, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, қазақтың ақыны, публицист, педагог, аудармашы – Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты.

         Әлемде өзге ұлттың қас-қабағына жәутеңдеп, еркін жүріп-тұра алмайтын, азаттықты аңсаған жұрт қаншама. Олармен салыстырғанда біз ата-баба аманатына қиянат келтірмей, қазақ тілімізді  қаймағын бұзбай сақтаған бейбіт те тәуелсіз, бақытты халықпыз.

           «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» сөзін жаттап өскен ұрпақ осы ұғымды тілмен ғана емес, іспен дәлелдегей. Өз ана тілін жетік білетін нағыз қазақтар көбейе берсін. Тәуелсіздігіміз тұғырлы,  тіліміздің мәртебесі биік,  абыройы асқақ болсын!

           Тіл мерекесі құтты болсын!

6263e12e 750c 45de 95f2 b683fec81961

5 қыркүйек — Қазақстан халқы тілдері күніне орай ағылшын тілі А2 Elementary деңгейі топтары арасында әңгімелеу, түсінік айту дағдыларын дамытуға бағытталған Storytelling day атты сабақтары өтті. Әр тыңдаушы берілген мәтіндерді талдап, әңгімеледі.

Оқытушылар: А.Турлыбекова, С.Райсова

2609338c 81cc 4a7e afa6 34a61abce55c00e6a891 db3d 4ac7 ac0e fca77ba6d2a267c5cda6 3f68 4492 b9ba 15cdb1cc2b13630d9479 df97 49cb bd2f 069907731e8ee5e8d908 2594 432a a774 d93e3d5849caff2021e4 cd6f 4f83 8e8c 76dfbd404b02

       5 қыркүйек күні  Тіл сарайында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы тілдері күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Іс-шарада  Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Ердембекұлы Тілешов – модератор болса,Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі— Талғат Ілиясұлы Ешенқұлов, Қазақстан Ресубликасы Парламенті Мәжілісінің депутаты — Қазыбек Жарылқасынұлы Иса, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор — Шерубай Құрманбайұлы баяндама жасады.

        Шара барысында бірқатар ғалымдар «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісімен марапатталды. Іс-шараға онлайн режимде Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының  басшылық құрамы, қызметкерлері қатысты.

b89ca677 bc63 48b6 89d3 707371255f6d3f800d8d 25da 4eb5 8858 cac67675667b22ca4ac7 1869 40a2 9195 43d71f45e33ba3377ec6 760b 4577 97d6 c337b646166bb584a3cc e600 4d71 9c9f 15c3f1388981

5 қыркүйек –Қазақстан халқы тілдері күніне орай  «Тіл- татулықтың тірегі» атты сайыс сабақ А1-1 тобында  өтті. Сайысқа екі команда қатысты. «Білгіштер», Тапқырлар» тобы. Сайыс 5 кезеңнен тұрды:

1. «Бәйге» - сұрақтарға жауап беру;

2.«Полиглот» - мақал-мәтелдерді жалғастырып айту;

3. «Өлең оқу» - тіл туралы  өлең шумағын жатқа айту;

4. «Жаңылтпашты жаңылмай айтып көр» ;

5. «Жорға»- викториналық сұрақтарға жауап беру;

Сайыс соңында көп ұпайға ие болған «Тапқырлар» тобы жеңіске жетті.

54282ad8 8acc 4c51 9b8a 6a37983d8158b5063f02 2469 407b 9286 0f86cce12232

 Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Ақсу аудандық филиалы Ақсу аудандық орталық кітапханасымен бірлесе отырып 2023 жылдың 5 қыркүйегі, сағат 15:00-де Қазақстан халқы тілдері мерекесі және Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай «Тіл – қоғамның айнасы» атты интеллектуалды сайыс өткізді. Мерекеге орай өткізілген сайысқа кітапхана қызметкерлері мен мемлекеттік тіл курсының В1 орта деңгей тыңдаушылары қатысты.

          Сайыста 3 адамнан құралған «Алаш» және «Тұлпар» топтары бақ сынады. Сайыс қатысушылары түрлі логикалық сұрақтарға жауап беріп, көрермендер арасынан таңдалды. 2 топ 3 кезең бойынша жарысқа түсті. Тартысты додада «Тұлпар» тобы оза шауып, жеңіске жетті. Сайыс соңында қос топ марапатталып, «Көк тудың желбірегені» әнін қосыла айтты.

4de13b5f f5a3 4db8 8653 6a59f79c7a3a81ce3c8a 7a27 44a0 85cb c950be550aa0edf7ec48 5df1 4ac7 8606 1c67c1fad613f1db3280 69f3 40b2 a8b0 fecc6e1242de

Қазақстан тілдер мерекесіне орай А1 деңгейі  курсы тыңдаушыларының арасында  «Тіл – достықтың алтын көпірі» атты танымдық сабақ өткізілді. Сабақ барсында тілдің – таусылмайтын байлық, қанша тіл білсең, өзгелерден сонша есе биік болатындықтары айтылды.

        Тіл үйренушілерге  мемлекеттік  тілді білу парыз екендігі түсіндірілді. Сабақта айтылым, оқылым және жазылым дағдысы  бойынша тапсырмалар орындалды.  Үй жұмысы бойынша Кокина Лариса мен Мануйленко  Дина өте жақсы жауап берді. Сабақ барысында қазақ тіліне тән дыбыстарға ұтымды жаттығулар жасалды.

         Сөзжұмбақ шешуден топтан Донских Юлия Сергеевна мен Пахомов Матвей  Александрович озып шықты. Ал қызықты викториналық сұрақтарға Ремизова Виктория Дмитриевна  тамаша жауап берсе, сөздік диктанттан Ли Валентина он ұпай алды.  Сабақ мақсатына жетті.

 

IMG 5724 IMG 5725 IMG 5729 IMG 5740 IMG 5741 IMG 5744

11 бет. Барлығы: 16

Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев
Мекеме басшысы