23/11/2024  Сенбі
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  8(7282) 41-80-20
ҚР, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, ҚАРАТАЛ ЫҚШАМ АУДАНЫ, 36Б

Білім күнімен тұспа-тұс келген бұл жолдауды да қалт жібермей тыңдадық. Президент «Көрпеңе қарай көсілу керек» дей отырып, ел экономикасындағы қиыншылықтар мен одан шығудың жолдарын ұсына отырып, салық төңірегінде, инвестиция, кәсіп бастау, мемлекеттік сатып алудың жаңа жүйелері, мемлекеттік қаржының талан-таражға салынбауы, т.б. келелі мәселелерге қатысты нақты тапсырмалар берді.

«Ұлттық табыстың игілігін жұрттың бәрі бірдей көріп отырған жоқ, ұлт мүддесі үшін біріге отырып, әділетті қоғам құруда бірлесе жұмыс жүргізу керек» деген Президентті біз әрдайым қолдаймыз!

IMG 5460 IMG 5453 IMG 5452 IMG 5457 IMG 5467 IMG 5474 IMG 5486IMG 5487IMG 5488

 2023 жылдың 17 тамыз күні  Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен облыстық «Jetisy» газетінің 105 жылдығына орай, дұрыс сөйлеу, сауатты жазу, өзге тілдегі ақпаратты қазақ тіліне сауатты аударудағы әдеби норманы сақтау және түзету, әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Тіл мен тілші» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

2023 жылы 17 тамыз күні Жетісу облысының  тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік  тіл және БАҚ»  атты облыстық байқау өтті.

Байқау жүлдегерлерінің ішінде орталық қызметкерлері де табылды.

Атап айтар болсақ,  Ақсу аудандық филиалының меңгерушісі
Б. Қанатқызы «Үздік мақала»  номинациясы бойынша Б. Құранбек атындағы АРНАЙЫ жүлдені иеленсе,  Алакөл аудандық филиалының меңгерушісі А. Сейсенбай «Үздік мақала»  номинациясы бойынша ЫНТАЛАНДЫРУ жүлдесімен марапатталды.

10 тамыз - Абай күніне орай Жетісу облысы "Тіл"оқу-әдістемелік орталығының Қаратал аудандық филиалында ортадан жоғары  В2 тыңдаушыларымен "Қазақ поэзиясының сұңқары "атты  танымдық сабақ өтті.

2023 жылдың 10 тамыз күні  Кербұлақ  аудандық филиалында Абай күніне орай іс жүргізу курсының тыңдаушыларына «Абайдың асыл сөздері » тақырыбында қазақтың дара ақыны, ғұлама, ойшыл, ағартушы Абай есімін ұлықтау мақсатында  танымдық сабақ өтті.

Абайкүні — Қазақстан Республикасының мерекелік күнтізбесіне енген күн. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 10 тамыз Абайкүні болып белгіленді. Бұл мереке 2020 жылы аталып өтілетін Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының қарсаңында бекітілді. Жетісу облысының  «Тіл»  оқу-әдістемелік  орталығының аудандық, қалалық филиалдарында 8 танымдық сабақ  және 1 ашық сабақ  өткізу жоспарланған.

2023 жылдың 8 тамыз күні Алакөл аудандық филиалының ұйымдастыруымен  қазақтың ортақ мақтанышына айналған халқымыздың ұлы перзенті, ақын, философ, ғұлама Абай Құнанбайұлының туғанына 178 жыл толуына орай  “40398 әскери бөлімінің” В1,В2 және мекеме қызметкерлерінің қатысуымен “Ұлы халықтың – ұлы Абайы” атты танымдық сабақ өткізілді.

Бүгінгі таңда Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының 8 аудандық, 1 қалалық: Ақсу, Алакөл,Сарқан, Көксу, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Панфилов аудандық және Текелі қалалық филиалдары жұмыс істейді.

2023 жылдың 28 маусым күні Тараз шаһарында «БАҚ және тіл мәдениеті:  тілдік нормалар»  тақырыбында республикалық семинар өтті.

Жамбыл облысының  тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы және Жамбыл  облысының тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен өткен семинар барысында тіл мәселесі,  БАҚ-тағы тіл мәдениеті талқыланды.

2023 жылғы 21-23 маусым аралығы Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы және оның аудан, қаладағы филиалдарында емтихандар өтті.

6 айға созылған курстарды облыс бойынша 1617 тыңдаушы аяқтап, емтихан тапсырды.

Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев
Мекеме басшысы