2022 жылдың 5 қыркүйек күні Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты мемлекеттік тілді жетік меңгерген этнос өкілдерінің арасында облыстық байқау өтті.
5 қыркүйек — ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы және Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі.
Мереке күні Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының бірқатар қызметкерлері алғыс хаттармен және Құрмет грамотасымен марапатталды.